Байқоңыр кешеніне кіруге рұқсат алу мерзімі қысқартылды

965

Байқоңыр кешеніне кіруге рұқсат алу мерзімі қысқартылды

"Астана ЭКСПО – 2017" көрмесіне  Қызылордадан 181 ерікті қатыстыру жоспарланған. Оған қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерден үш тілді еркін меңгерген студент жастар іріктеліп алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Астана қаласындағы көрмеге өңірден 75 000 адамға квота бөлінген. Бұл облыс тұрғындарының 10 пайызын құрайды. Қазіргі таңда көрме билеттері 6000-8000 теңге көлемінде сатылымға шықты.

"Облыс көлемінде көрмені насихаттау мақсатында 79 сюжет, 150-ден аса материал жарияланды. Ресми логотипі қаладағы 112 қоғамдық  көлікке, "Қайсар" және "Байқоңыр" футбол клубтарының формаларына орналастырылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында өткен үкіметаралық комиссияда шетел азаматтары үшін Байқоңыр кешеніне кіруге рұқсат алуды 45 күннен 10 күнге дейін қысқартуға қол жеткіздік. Байқоңыр қаласындағы "Крайний" әуежайы күрделі жөндеуден өтіп, үлкен ұшақтарды қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды", – дейді Нұржан Өмірсерікұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу