"Байқоңыр" ұшу алаңына "Протон-М" зымыраны жеткізілді

594

 Ұшу 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 15.12-ге жоспарланған.

"Байқоңыр" ұшу алаңына "Протон-М" зымыраны жеткізілді Фото: ixbt.com

5 ақпан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан 2023 жылдың  алғашқы ұшырылымы жасалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін, 2 ақпанда "Электро-Л" спутнигі бар "Протон-М" зымыран тасығышы монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды және теміржол рельстері арқылы ғарыш айлағының 81-ші алаңының ұшыру кешеніне жеткізілді.

"Роскосмос" кәсіпорнының мамандары техникалық жабдықты тексеруге және тестілеуге кіріседі. Сондай-ақ, зымыранды вертикалды күйге келтіру жүргізіледі.

"Электро-Л" сериялы ресейлік ғарыш аппараттары ауа райының болжамдарын зерттеуге, авиацияларды ұшыру жағдайына анализ жасауға, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттар акваторияларын, төтенше жағдайлар ахуалын мониторингілеуге арналған.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жер орбитасында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Электро" ғарыш жүйесінің тобында екі спутник — №2 "Электро-Л" және №3 "Электро-Л" пайдаланылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу