"Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясының директорына іздеу жарияланды

384

Дәурен Мұса 26 қарашадан бері іздеуде.

"Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясының директорына іздеу жарияланды Фото: instagram.com/dauren.mussa

Қазақстандық кәсіпкер, "Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды. Ол "Байқоңыр" ғарыш айлағында сақталған "Боран" ғарыш кемесі мен оның моделінің екінші ұшу прототипінің иесі ретінде белгілі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Дәурен Мұса 26 қарашадан бері іздеуде.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дәурен Мұсаға Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі “Алаяқтық” бойынша іздеу жариялаған.

"Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2011 жылы Дәурен Мұса "CRISP Aelita" АҚ акцияларының 49,5%-ын сатып алып, кейін "Байқоңыр" РСК атауын өзгертіп, "Боран" компаниясына иелік ететін компанияның 80% акциясының иесі атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу