Депутаттың сөзінше, еліміздің 4 мыңға жуық азаматы Ресей заңнамасының ережелері бойынша, оның ішінде 1996 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес зейнетақы алады.
Ал қазір бұл адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмек ала алмай жүр.
"Осы азаматтарды еліміздің ақпарат жүйесіне енгізу, тиісті қаржыландыру мәселесін шешуді және мемлекеттік жарна төлейтін адамдардың жеңілдетілген санатында болуын қамтамасыз етуін қарастыруды сұраймыз", - деді Ақмарал Әлназарова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу