Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында медицина қызметкерлерінің еңбек құқығы ескерілмей келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көпбейінді ауруханада 450-ге жуық қызметкер міндетті медициналық және зертханалық тексеруді өз қаражаты есебінен өткен. Алайда заң бойынша бұл міндеттер жұмыс беруші тараптың қаржысы есебінен жүргізілуі тиіс.
Прокурорлық қадағалау актісімен ұжымдық шартқа өзгерту енгізу туралы талап қойылып, барлығы 444 адамның құқығы қорғалды және қызметкерлердің осы кезге дейін кеткен қаржылық шығындары өтеледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу