Байқоңырда 52 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

103

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Байқоңырда 52 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының 2022-2024 жыл аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінен кейін мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған. Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілген", – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу