Байқоңырда 9 жасар бала бассейнде көз жұмды

595

Жеткіншек суда жүзуге барған.    

Байқоңырда 9 жасар бала бассейнде көз жұмды Фото: basseinorion.ru

Қазір бұл істі прокуратура тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz қадағалау ведомствосының сайтына сілтеме жасап.

"Байқоңыр" кешенінің прокуроры бассейнде тоғыз жасар баланың қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізеді.

"22 желтоқсанда сағат 14.40 шамасында 9 жасар баланың Орион бассейнінде болғаны анықталды. Жүзу кезінде бассейнге баруға қарсы көрсетілімдері жоқ медициналық құжаттары бар бала кенеттен ауырып, оған бассейн нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері дереу көмек көрсете бастаған. Шақыруға келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын айтты", - делінген хабарламада.

Өлімнің себебін анықтау үшін барлық қажетті зертханалық зерттеулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Медициналық сарапшының алдын-ала қорытындысы бойынша баланың өліміне жалпы ауруы себеп болған. Яғни, бала суға батып кетпеген.

"Байқоңыр" кешенінің прокуроры Александр Трифонов оқиға орнына барып, бассейн басшысына тексеру нысанына қатысты барлық қажетті құжаттарды қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды. Баланың қайтыс болу фактісі бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің "Байқоңыр" кешеніндегі тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады, оны тергеуді прокурор бақылайды.

"Сонымен қатар, кешен прокуратурасы жүзу сабақтарын өткізу кезінде кәмелетке толмағандарды қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде "Орион "бассейні" МБУ лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) баға беретін тексеруді ұйымдастырды және жүргізеді. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жас баланы тиісті медициналық тексеру және оған жүзу сабақтарына жіберуге медициналық анықтама берудің заңдылығы тұрғысынан баға беріледі", - деп хабарлады прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу