"Байқоңыр" ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) "Прогресс МС-27" жүк тасымалдау кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жұмыстар ғарыш айлағының 254-ші учаскесінің монтаждау-сынау корпусында жүргізіліп жатыр. С. П. Королев атындағы „Энергия“ зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары ғарыш жүк көлігі электрмен жабдықтау жүйесінің күн батареяларын тексерді. Сонымен қатар, жүктер мен жабдықтарды ХҒС-қа жеткізуге дайындау жалғасуда", — деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ХҒС-та Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко, Николай Чуб, Александр Гребенкин, сондай-ақ американдық астронавтар Лорал О’Хара, Мэттью Доминик, Майкл Барратт және Дженнет Эппс жұмыс істеп жатыр.
"Прогресс МС-27" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшыру 2024 жылғы 30 мамырда Астана уақытымен сағат 14:42–де жоспарланған.