Байқоңырда "Союз МС-12" ғарыш кемесінің экипажы ұшуға дайындықты бастады

919

Алдағы екі аптада экипаждар Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының оқу-жаттығу кешенінде дайындалады.

Байқоңырда "Союз МС-12" ғарыш кемесінің экипажы ұшуға дайындықты бастады

Басқарылатын "Союз МС-12" ғарыш кемесінің Байқоңырға келген негізгі және қосалқы экипаждары бүгін ғарыш айлағындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МКС-59/60 негізгі экипажы Роскосмостың космонавты Алексей Овчинин, NASA астронавтары – Ник Хейг және Кристина Куктан құралған. Қосалқы экипаж құрамында Роскосмос космонавты Александр Скворцов, ESA астронавты Лука Пармитано және NASA астронавты Эндрю Морган бар.

Алдағы екі аптада экипаждар Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының оқу-жаттығу кешенінде дайындалады. Ғарышкерлер күнде дене дайындығымен айналысып, медициналық тексерістен өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу