Байқоңырдан "Союз МС-08" кемесі ұшырылады

520

Байқоңырдан "Союз МС-08" кемесі ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағына халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 наурыз күні "Союз МС-08" көліктік басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы мүшелері ұшырылым алдындағы даярлыққа кіріседі. Негізгі экипаждың құрамында кеме командирі, "Роскосмос" ғарышкері Олег Артемьев; бортинженерлер, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен  Ричард Арнольд бар.

Қосалқы құрам: космонавт Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг. Ұзақмерзімді экспедицияның "Союз МС-08" кемесімен халықаралық ғарыш стансысына ұшырылымы 2018 жылдың 21 наурызына белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу