Байқоңырдан "Союз МС-10" ғарыш кемесі ұшырылады

1669

"Союз МС-10" көліктік ұшу кемесінің негізгі экипажының құрамында Алексей Овчинин, Ника Хейга, Олег Кононенко мен канадалық австронавт бар  

Байқоңырдан "Союз МС-10" ғарыш кемесі ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз МС-10" көліктік жүк кемесін (КЖК) ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) қорытындысы бойынша, МКС-57/58-дің негізгі және қайталама экипаждары "Союз МС-10" КЖК-да және Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментінде ұшырылымды орындауға әзір, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

"Союз МС-10" көліктік ұшу кемесінің негізгі экипажы - Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга, сондай-ақ олардың дублерлары - ресейлік ғарышкер Олег Кононенко мен канадалық автронавт Байқоңыр ғарыш айлағында ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңіне кірісуге дайын.

Экипаж Байқоңырға ұшырылымға екі апта қалғанда келеді деп күтілуде. МКС-57/58 экипажы бар "Союз МС-10" КЖК Байқоңыр ғарыш айлағынан 2018 жылдың 11 қазанында Астана уақытымен 14 сағат 40 минутта ұшырылмақ. Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга ғарышта 187 тәулік болатыны жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу