Байқоңырдан ғарыш кемесі қашан ұшырылатыны белгілі болды

346

"Прогресс МС-24" жүк кемесі бар "Союз-2.1 а" зымыран тасығышын ұшыру 2023 жылғы 23 тамызға жоспарланған.

Байқоңырдан ғарыш кемесі қашан ұшырылатыны белгілі болды Фото: Ашық дереккөзден

Халықаралық ғарыш станциясынан "Прогресс МС-24" ғарыштық жүк көлігі ұшырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі С.П.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқоңыр филиалының мамандары ғарыш айлағында 2022 жылдың желтоқсан айынан бері сақталған кемені қайта іске қосты.

"Ғарыш айлағы 254-алаңының монтаждау-сынау корпусында "Прогресс МС-24" ғарыштық жүк көлігін сыртқы тексеру және борттық жүйелердің бастапқы жай-күйін бақылау жүргізілді. Күн батареялары панельдерін орналастыру тетіктері тексерілді және алдағы электр сынақтарына жерүсті жабдықтары дайындалды", - делінген хабарламада.

"Прогресс МС-24" жүк кемесі бар "Союз-2.1 а" зымыран тасығышын ұшыру 2023 жылғы 23 тамызға жоспарланған.

Байқоңыр ғарыш айлағынан бұған дейінгі ұшыру процесі 2023 жылдың 24 мамырында болды. Ол кезде ХҒС-қа "Прогресс МС-23" көліктік жүк кемесі аттанды.

Екі айдың ішінде ХҒС-қа станцияның және ғарышкерлердің өмірі үшін қажетті жүктері бар екі кеме жіберіледі. Қазір Халықаралық ғарыш станциясында 69-шы ұзақ экспедицияның экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев (ХҒС-69 командирі), Дмитрий Петелин және Андрей Федяев, NASA астронавттар Франциско Рубио, Стивен Боуэн, Уоррен Хобург және БАӘ астронавты Сұлтан Әл-Нейади бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу