Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына кезекті экипаж ұшырылды

1594

Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына кезекті экипаж ұшырылды

"Союз МС-07" басқарылатын әуе кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығыш Байқоңырдың бірінші алаңынан ұшырылды. Экипаж құрамында МКС-54/55 ұзақ экспедициясының мүшесі, Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты жапониялық Норишиге Канаи бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зымыран тасығыш Астана уақытымен 13:21-де ұшырылып, штаттық режимде жүргізілді. Репортаж онлайн режимде берілді. Ғарыш кемесінің үшінші зымыран тасығыштан бөлінуі ұшырылғаннан кейін 528-секундта өтті.

Кеменің ХҒС-пен түйісуі 19 желтоқсанға жоспарланған.

МКС 54/55 экипжаның мүшелері орбитада 300-ге жуық эксперимент жүргізеді, деді экипаж командирі Антон Шкаплеров. Ол өзінің туған күнін үшінші рет орбитада атап өтпек.

Халықаралық ғарыш станциясының бортында ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин мен екі америкалық ғарышкер Марк Ванде Хай мен Джозеф Акаба әріптестерімен кездесуге дайындалып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу