Байқоңыр ғарыш айлағынан ең жақын ұшырылым биылғы мамыр айының соңына жоспарланған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Шамамен бір жылдық үзілістен кейін EchoStar 21 ғарыш аппаратымен бірге "Протон-М" зымыран-тасығышын ұшыруға дайындап жатыр. Еске сала кетсек, соңғы рет "Протон-М" Байқоңырдан 2016 жылдың 10 маусымында ұшырылды. Одан кейін "Протон-М" тасығыш-зымыранының қозғалтқыштарынан ақау табылып, ұшыру кейінге қалдырылды. EchoStar 21 ғарыш аппаратымен бірге "Протон-М" алдағы ұшуына тұңғыш рет қазақстандық мамандар қатысқалы отыр. "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорны" АҚ 92 қызметкері өткен жылдан бері қазақстандық және ресейлік тараптармен келісілген "Протон" старттық кешенінде жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу