Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды

488

12 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Ол Анголаның "Ангосат-2" телекоммуникациялық жерсерігін суборбитальды траекторияға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды Фото: roscosmos.ru

– Қазіргі уақытта ДМ-03 үдеткіш блогы жерсерікті нысанаға алынған "Ангосат-2" геостационарлық орбитаға (биіктігі шамамен 36 мың км шеңбер орбитаға) шығыс бойлықпен 23 градус позициясында орналастыру үшін апара жатыр, – делінген "Роскосмос" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құрылғы тек Анголаны ғана емес, бүкіл Африканы, тіпті Еуропаның оңтүстік елдерін де телекоммуникация қызметтерімен қамтуға қабілетті екендігі айтылады. Ол бір орындағы және жылжымалы байланысты, цифрлық телерадио хабарларын тарату және жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу қызметтерін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу