Байқоңырдан Ресейдің Жерді бақылайтын ғарыш кемесі ұшырылды

832

Соңғы бір айда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан екі ғарыштық ұшырылым жүзеге асырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Байқоңырдан Ресейдің Жерді бақылайтын ғарыш кемесі ұшырылды Фото: roscosmos.ru

Кеше Астана уақытымен сағат 14:36-да ғарыш айлағының №31 алаңынан №4 Жерді қашықтықтан зондтау "Ресурс - П" ғарыш кемесі бар "Союз-2.1б" зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

Роскосмос телестудиясы мамандарының ұшыру алаңынан жүргізген тікелей эфирі 13 сағат 50 минутта басталып, ғарыш кемесі орбитаға шыққанға дейін жүргізілді.

Ұшыру қалыпты режимде өтіп, зымыран тасымалдағыштың сатыларын бөлу белгіленген уақытта жүзеге асырылды және ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң ғарыш кемесі Жер орбитасына шығарылды.

Ресейлік Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі планетамыздың табиғи ресурстарын зерттейді, қоршаған ортаның ластануын бақылайды, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздейді, мұз жағдайын және төтенше жағдайларды бақылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу