Жоспарға сәйкес ғарыш кемесі 30 қазанда Халықаралық ғарыш станциясына жетіп, бекітілуі керек.
"Роскосмос" мәліметінше, кемеде 1 490 келіге жуық түрлі жабдық пен материалдар, оның ішінде ресурстық аппаратура мен зертханадан тыс қызметке арналған құралдар, медициналық бақылау және санитарлық-гигиеналық қамтамасыз ету құралдары, киім-кешек, тамақ және негізгі экспедиция мүшелеріне арналған жаңа өнімдер, сондай-ақ "Матрешка-Р", "Биомаг-М", "Асептик", "Структура" және "Фотобиореактор" ғарыштық эксперименттерді жүргізуге арналған құралдар бар.
Сондай-ақ халықаралық ғарыш станциясына 560 келі жанармай, "Родник" жүйесінің багына 420 литр су мен және оттегі баллондарына 43 келі сығылған ауа жеткізілуі керек.