Құжатқа сәйкес, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенінен "Союз-5" зымыран-тасығышы арқылы пайдалы жүктеменің габариттік-массалық макетін 2026 жылғы 27 наурызда ұшыру жоспарланған.
Қосымша күндер ретінде 28 наурыздан 30 сәуірге дейінгі аралық белгіленген. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Алайда 27 наурызға жоспарланған ұшыру жүзеге аспады. Кейін ол 4 сәуірге ауыстырылып, одан соң қосымша күндердің біріне шегерілді. Қазіргі уақытта "Союз-5" зымыраны нақты қай күні ұшырылатыны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Прогресс МС-33" ғарыш кемесі ұшырылған еді.