Байқоңырдан "Союз МС-23" ғарыш кемесі ұшырылады

567

Роскосмос агенттігі Байқоңырдағы 254-ші учаскедегі құрастыру-сынау ғимаратында түсірілген суреттерді жариялады.   

Байқоңырдан "Союз МС-23" ғарыш кемесі ұшырылады Фото: Иван Тимошенко

Дәл сол жерде қазір "Союз МС-23" ғарыш кемесі құрастырылуда, деп жазады inbusiness.kz "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

Ресейлік ғарыш агенттігі ұшқышсыз ғарыш аппаратын Халықаралық ғарыш станциясынан ұшыруға дайындығын көрсетті. Кеме нақты қашан ұшуға дайын болатыны әзірге белгісіз. Оның ұшу мерзімін мемлекеттік комиссия "жақын арада" белгілейді деп күтілуде.

"Байқоңырдың 254-ші ұшу алаңының құрастыру-сынақ корпусында "Энергия" зымыран-ғарыш кешені мен Роскосмостың басқа да кәсіпорындарының мамандары "Союз МС-23" ұшқышсыз ғарыш кемесін тексеріп, оның басындағы бөлігін орнатқан" - делінген хабарламада.

Толық құрастырылған "Союз МС-23" кемесінің бас блогы 31-ші құрастыру-сынау корпусына жеткізіледі. Онда ғарыш кемесі "Союз-2.1а" зымыран тасығышымен біріктіріліп жиналады.

2022 жылы "Союз-2.1а" зымыран-тасығышымен ғарышқа 22 мәрте түрлі аппараттар шығарылды. Олардың бәрі сәтті болды. 21 қыркүйекте Байқоңырдан "Союз МС-22" кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу