Байқоңырдан тағы бір зымыран ұшады

1145

Байқоңырдан тағы бір зымыран ұшады

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшырғаннан кейін тура бір айдан кейін осы сыныптағы тағы бір зымыран ұшырылады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес осы жылғы 14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан "Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған. Ол "Канопус-В-ИК" жерді қашықтан зондтаудың ресейлік ғарыш аппаратын және 72 шағын серігін орбитаға шығарады. "Фрегат" жүрдек блогы "Канопус-В-ИК" ҒА және бағыттас шағын серіктерді кейіннен жүрдек блок орбитасынан түйісумен үш түрлі орбитаға шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай күрделі миссия шағын ғарыш аппараттарын іске қосу тарихында алғаш рет жүзеге асырылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу