Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигімен байланыс жоғалды

641

Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигімен байланыс жоғалды

26 желтоқсан күні Байқоңырдан ұшырылған Анголаның "Ангосат" спутнигімен байланыс әзірге жолға қойылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ангосат" спутнигімен әзірге байланыс орнаған жоқ, жағдайдың себептерін анықтап жатырмыз",-деді агенттікке сұхбат берген адам.

ТАСС таратқан ақпарат  әлі ресми нақтыланған жоқ, себебі сұхбат берген маман жағдайдың толығымен түсіндіріп бермеген.

Естеріңізге сала кетейік,  26 желтоқсан күні сағат 22:00-де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Зенит-S2Б" зымыран тасығышпен "Ангосат" ғарыштық аппараты штаттық режімде ұшырылды. 27 желтоқсан күні 06:54-те аппарат жеделдету блогынан ажырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу