9 млрд теңге жалпы қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуға жұмсалмақ. Одан бөлек, Қызылорда облысының бірнеше ауылына ауыз су желісі жүргізіліп, тұрғындар сапалы су тұтына бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.
Шалғайдағы елдімекендердің халқы бұған дейін ауызсуды тасып ішкен. Осылайша, қайтарылған қаржы ел иглігіне жұмсалып, өңірдегі барлық ауылға су жетті.
Қайтарылған активтер есебінен Байқоңырдағы су және кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Бұл мақсатқа 9 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Осы қаржыға 94 шақырым су, 14 шақырымға жуық кәріз желісі қайта жаңғыртылады. Басты мақсат – өңірдегі барлық елдімекендерді орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу.