Байқоңырға "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

797

Жақында Байқоңыр ғарыш айлағына "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Роскосмосқа сілтеме жасап.    

Байқоңырға "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді Фото: aa.com.tr

Осы жылдың желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштар ұшырылмайды. Бұрын жоспарланған ұшырылымдар 2023 жылға шегерілді. Бұған дейін 2022 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ресейлік және шетелдік спутниктері бар "Союз - 2" зымыранының екі ұшырылымы мен "Протон-М" зымыранының бір ұшырылымы жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағында 2023 жылға жоспарланған ұшырылымдарға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ұшыру жоспарына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында екі старт болады: ақпан айында ХҒС-қа "Прогресс МС - 22" көліктік жүк кемесі, ал наурызда "Союз МС-23" кемесі ұшырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу