Байқоңырлық 6 тұрғын табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

351

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді.  

Байқоңырлық 6 тұрғын табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған Фото: baq.kz

Байқоңыр қаласының прокуратурасымен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған 6 адамға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді.

Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу