Байқоңырлықтардың денсаулығын тексеруге тендер жарияланды

771

Тендерге 6 млн рубль (33 млн теңге) бөлінген. 

Байқоңырлықтардың денсаулығын тексеруге тендер жарияланды

Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігі (ФМБА) Байқоңыр тұрғындарының денсаулығын тексереді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып салу сайтындағы мәліметке сәйкес, ФМБА қоршаған орта Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы тұрғындардың денсаулығына қалай әсер етіп жатқанын тексермек.

Порталда өндірістік және қоршаған орта факторларын ескере отырып, "Байқоңыр" ғарыш айлағы кәсіпорындары қызметкерлерінің және ғарыш айлағына жақын тұратын халықтың денсаулығына мониторинг жүйесін жетілдіру" атты ғылыми-зерттеу жұмысына тендер жарияланған. Тендер 6 млн рубльға (33 млн теңге) бағаланып отыр. Зерттеу жұмысы 2021 жылдың 30 қарашасына дейін аяқталуы керек.

Құжаттарда ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты "өндірістік және қоршаған орта факторларын ескере отырып, "Байқоңыр" ғарыш айлағы кәсіпорындары қызметкерлерінің және ғарыш айлағына жақын тұратын халықтың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу" деп жазылған.

Тапсырмаға сәйкес, тапсырысты орындаушы 2016-2021 жылдар аралығындағы "Байқоңыр" кешенінің өндірістік және қоршаған орта факторлары деңгейінің динамикасына, Байқоңырдағы кәсіпорындар қызметкерлерінің және ғарыш айлағына жақын тұратын халықтың денсаулығына талдау жүргізеді.

Сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын халықтың 2016-2020 жылдардағы демографиялық көрсеткіштері де тексеріледі.

Кешен қызметкерлерінің денсаулығына клиникалық тексеріс жүргізілгеннен кейін оларды емдеу және профилактика бойынша жеке жоспар әзірленеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу