Атырау облысында 2017 жылғы қаңтар-маусым аралығында электр байланыс кәсіпорындарының қызмет көрсету көлемі 6916,4 млн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 8,9% артық (салыстырмалы бағамен), деп хабарлайды статистика комитеті.
Жалпы түсім сомасынан өзге де электр байланыс қызметтерінің түсімі – 32,4%, интернет – 28,6%, қалалық (жергілікті) телефон байланысы – 13,5%, сымсыз желілері және спутник, кабельді инфрақұрылым арқылы бағдарламаларды тарату қызметтері – 8,8%, деректерді беру саласының қызметі – 10,9%, қалааралық және халықаралық байланыс – 5%, жедел әрекет байланысы – 0,8% құрады.
2017 жылғы қаңтар-маусымда пошталық және курьерлік қызметтердің көлемі 204,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 8,6% кем болды.