Байланыс операторлары сапасыз интернет үшін жауапкершілікке тартылды

347

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Байланыс операторлары сапасыз интернет үшін жауапкершілікке тартылды Фото: freepik.com

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу