Байланыс тарифтерінің өсуіне байланысты аз қамтылғандарға өтемақы беріледі

482

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құжатында айтылған.

Байланыс тарифтерінің өсуіне байланысты аз қамтылғандарға өтемақы беріледі Фото: inbusiness.kz

"Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" заң 13 тамыздан бастап қолданысқа енеді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін ай сайынғы өтеу мөлшері қазіргі тарифтік жоспар бойынша телекоммуникация қызметтеріне ай сайынғы нақты шығыстар мен ағымдағы шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалсын", - делінген құжатта.

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы.

Құжатта көрсетілгендей, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жүгінеді.

Уәкілетті орган әр айдың 5-күніне дейінгі мерзімде өткен ай үшін әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу