Байларға салынатын салық көлемі белгілі болды

Яхталарға, жеке ұшақтарға сынды бағалы мүлікті акциздеу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Байларға салынатын салық көлемі белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мүлікке салық салудың келесі тәсілдері ұсынылады. Біріншіден, яхталарға, жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Екіншіден, барлық ЖТ объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК шегінен асқан жағдайда салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Бұдан басқа, қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін "сән-салтанат коэффициентін" белгілеу бойынша ЖАО құзыретін белгілеу ұсынылады", – деді министр. 

Арнайы салық режимдерін оңтайландыру үшін талап етілмеген режимдерді жоя отырып, ұқсас шарттары бар режимдерді біріктіру қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу