Байлығы табысына сәйкес келмейтін шенділер жазаланбайды

1238

Бұл мәжіліс қарауында жатқан заңға енгізілген өзгерістердің бірі.  

Байлығы табысына сәйкес келмейтін шенділер жазаланбайды

Қолда бар байлығы табысына сәйкес келмейтін шенеуніктер жауапқа тартылмайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жемқорлыққа қарсы агенттік 15 жыл бойы жазаны қатаңдатуға тырысқанымен еш нәтиже шықпаған. Ведомства өкілі Айгүл Базарбаеваның айтуынша, бұған конституциядағы кінәсіздік қағидасы кедергі келтіруде. Азаматтық кодексте айыпталушыға өз-өзін қорғау міндеттелген.

Алайда бұл қылмыстық заңнамада қарастырылмаған. Кейін агенттік табысы мен шығысы жер мен көктей лауазымды тұлғаларға мүліктің қайдан келгенін дәлелдеу талабын қойған. Олар иеленген заңсыз соманы салық органдары өндіріп алу тиіс болған. Дегенмен жаңа заң жобасын талқылауда бұл норма алынып тасталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу