Байменов: Qazaqstan мен Хабар арнасын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру керек

856

Саясаткер халықтың мұң мен мұқтажын, даты мен дауысы билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдан басқа да жүйелер қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байменов: Qazaqstan мен Хабар арнасын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру керек

"Сіз бастаған еститін мемлекет концепциясы толық жұмыс істеуі үшін халықтың мұң мен мұқтажын, даты мен дауысы билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдан басқа да жүйелер қажет. Заманауи демократиялы елдерде бұл жүкті бұқаралық ақпарат құралдары алып жүр. Сол себепті бұл мақсатта Хабар және Қазақстан арнасын қоғамдық телеарнанарын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру қажет деп ойлаймын", – деді Әлихан Байменов Ұлттық құрылтайда.

Оның айтуынша, арнайы мемлекеттік комиссия құрып, Алаш қозғалысына баға берсе қоғамдық сана сілкінер еді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу