"Байтақ" съезінде жанжал шықты: Азаматхан Әміртайға сенімсіздік білдіру ұсынылды

353

Бүгін "Байтақ" жасылдар партиясының V кезектен тыс съезі өтті. 

"Байтақ" съезінде жанжал шықты: Азаматхан Әміртайға сенімсіздік білдіру ұсынылды Фото: Baq.kz/Артем Чурсинов

Партия төрағасы Азаматхан Әміртай делегаттар алдында сөз сөйлеп тұрған кезінде саяси кеңестің мүшесі Асқар Иманәлиев өз бастамасымен мінберге көтерілді. Ол съездің күн тәртібімен келіспейтінін мәлімдеп, партия басшылығын жаңарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның пікірінше, өзге саяси партиялардың мысалында "Байтақ" партиясында да басшылықтың ауысып отыру қағидаты сақталуы тиіс.

Партия жарғысына сәйкес мұндай мәселелерді қарау барлық өңірлердің өкілдіктерін қамтамасыз ету керек деген талабына сүйене отырып, Азаматхан Әміртай бұл мәселені күн тәртібіне қоспауды ұсынды.

Съезд барысында БАҚ өкілдері де назарға ілініп, оларға сын айтылды. Съездің өту тәртібін бұзып отыр деген мәлімдемемен партия төрағасы журналистер залдан шығаруға тырысқан.

Бұл оқиғадан кейін Құрылтай сайлауына қатысатын үміткерлердің партиялық тізімі жарияланды. Аталған тізімге өзге кандидаттармен бірге Асқар Иманәлиев те енгізілді.

Еске сала кетейік, партияның ішіндегі осыған ұқсас жанжал 2023 жылы да болған еді. Ол кезде "Байтақ" партиясы Саяси кеңесінің бірқатар мүшесі партия төрағасы Азаматхан Әміртайға қарсы шығып, оны партияны авторитарлық тәсілмен басқарды, партия жарғысын бұзды және қаржылық заң бұзушылықтарға жол берді деп айыптаған болатын. Өз кезегінде партия төрағасы қарсыластарын "іріткі салушылар" деп атап, оқиғаны партияны рейдерлік жолмен басып алуға жасалған әрекет ретінде бағалаған. Сондай-ақ, партия төрағасы оларға қатысты сотқа жүгінетінін де мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу