"БӘЙТЕРЕК-FEST" ұлттық фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

1506

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар шақырылады.

"БӘЙТЕРЕК-FEST" ұлттық фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Жастар жылына арналған мәдени жоба Ұлттық Дельфий комитетінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ.

Фестиваль екі кезеңнен тұрады: біріншісі іріктеу туры болса, финалы 2019 жылдың тамыз айында елордада өтеді. Талантты жастардың онлайн-өтінімдері 20 маусымға дейін қабылданады.

"Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш ең жарқын финалист Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады", – дейді Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түспекова.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар шақырылады. Байқаудың талабымен cisc.kz-тен толық таныса аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу