"Бәйтерек" холдингі директорлар кеңесі 2 адамға қысқарды

601

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

"Бәйтерек" холдингі директорлар кеңесі 2 адамға қысқарды

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесі 2 адамға қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отырыс барысында кеңес мүшелері холдингтің Жарғысына енгізілетін өзгерістерді қарастырып, 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікті (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітті.

"Директорлар кеңесінің шешімі бойынша холдинг басқармасының құрамы 7 адамнан 5 адамға оңтайландырылды. Басқарушы директорлар лауазымдарын атқаратын басқарма мүшелері 2 адамға қысқарады", - деп жазылған хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әзірленген және холдингтің комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіруді көздейтін 2022 жылға арналған арнайы бағдарлама бекітілді.

"Сондай-ақ отырыста биыл бірінші тоқсанның бойынша холдингтің тәуекелдер жөніндегі есебі және ішкі аудит қызметінің есебі "Бәйтерек" холдингінің 2021 жылғы корпоративті басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есебі бекітілді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу