"Бәйтерек" холдингі еншілес компаниясын қанша теңгеге сатты?

755

ҚИҚ жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде сатылымға шығарылды. 

"Бәйтерек" холдингі еншілес компаниясын қанша теңгеге сатты?

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі еншілес ұйымы "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ны жеке компанияға сатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл 17 тамызда www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік порталында "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ (ҚИҚ) сатылымға шығарылған. Бірақ оны қандай компания сатып алғаны белгісіз. 

"№218088 электронды аукцион хаттамасына сәйкес лоттың бастапқы бағасы 10 млрд 549 млн 722 мың 570 теңгеден басталды, қорытынды баға 10 млрд 602 млн 471 мың 183 теңге болды. Аукционға 3 заңды тұлға қатысты. Ең көп сома ұсынған компания жеңімпаз деп танылды. 

Бүгінде сатып алушы ҚИҚ акцияларын беру алдындағы сатып алу-сату шартының талаптарын орындап жатыр. Сатып алу-сату шартының барлық іс-шарасы аяқталғаннан кейін мәміленің егжей-тегжейі ашып көрсетіледі", - деп жазылған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі жіберген хатта.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның активі – 36,5 млрд теңге (2021 жылғы 31 тамыздағы мәліметке сәйкес).

"Оның ішінде 9,6 теңге және 5 млрд теңге болатын құнды қағаздар бар. Сондай-ақ компанияның теңгерімінде (баланс) сатуға шығарылатын 12,2 млрд теңгенің ұзақ мерзімді активі мен шамамен 9 млрд теңге болатын ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы бар", - деп жазылған ҚИҚ-тың баспасөз қызметі жіберген хатта.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу