"Бәйтерек" холдингі өңдеу өнеркәсібіне қанша инвестиция тартады?

1052

2021 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі 580 жобаға кредит берілген. 

"Бәйтерек" холдингі өңдеу өнеркәсібіне қанша инвестиция тартады?

Үкімет отырысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов 2021 жылы өңдеу өнеркәсібіне қанша инвестиция тартылатынны айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл "Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында үшінші бесжылдық жобаларын іске асыруға, әрі инвестиция мен экспортты қолдауға холдинг 130 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

"2021 жылы Қазақстанның даму банкін қаржыландырудың жалпы көлемі 342 млрд теңге болды", – деді Айдар Әріпханов.

Басқарма төрағасы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасын іске асыру жалғаса беретінін айтты.

"Биыл ставканы субсидиялау құралы есебінен 53 млрд теңге көлемінде несие сомасына 850 жобаға қолдау көрсетіледі. Өңдеу секторындағы 68 млрд теңге несие сомасына 955 жоба кепілдікпен қамтылады. Кепілдік сомасы – 27 млрд теңге",– деді басшы.

Айдар Әріпханов холдинг "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында субсидия есебінен 254 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібінің 335 жобасын қаржыландырылатынын атап өтті. Субсидия сомасы – 7,6 млрд теңге.

"Қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастыру арқылы қаржыландыруды көздейтін өндіріс бағдарламасы жалғасады. 2021 жылғы қаржыландыру көлемі шамамен 123 млрд теңге. Өңдеу өнеркәсібіндегі 580 жобаға несие 20 жылға берілді",– деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол лизингтік қаржыландыру өндіріс секторындағы жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

"Бүгінде 2021 жылға арналған республикалық бюджетке автобустар мен жолаушылар вагонын жаңартуға 36,7 млрд теңге қарастырылған", – деді Айдар Әріпханов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу