"Бәйтерек" холдингі Ресейден қаржы тартады

1045

Өткен жылы ел аумағында 15, 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мың тұрғын үй пайдалануға  берілді. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 17%-ға көп көрсеткіш.

"Бәйтерек" холдингі Ресейден қаржы тартады

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев осылай мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі 

"Бәйтерек" холдингі жергілікті атқарушы органдарға 281,2 млрд теңге бөлді. 
Әкімдіктер 28 мың пәтерді белгіленген бағамен салды", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, холдинг қолжетімді тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік емес инвестиция тартуды көздеп отыр. 

"Биыл 17 млн шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салынуға тиіс. 
Бұл үшін салаға құйылатын инвестиция көлемін ұлғайту қажет. Мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі екенін ескере отырып, "Бәйтерек" холдингі ішкі және Ресей нарығынан қаржы ресурсын тартуды жоспарлап отыр. Коммерциялық банктерді, сақтандыру және қаржы ұйымдарын әлеуетті инвестор ретінде қарастырылып жатыр", – деді ол. 

Оның сөзінше, 300 млрд теңге инвестиция тартылса, кезекте тұрған 31,3 мың адамды қолдауға мүмкіндік туады. 

Сөз арасында Әнуар Омарқожаев тұрғын үй саясатын жетілдіру үшін блокчейн технологиясын қолданылатынын айтты. 

"Бірінші кезекте, "Отбасы банк" базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады, ол тұрғын үйге мұқтаждардың базасын 
біріздендіреді. Орталық жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланады. Біз блокчейн және смарт бридж технологияларын қолдана отырып, барлық бизнес-процестерді автоматтандырамыз. Бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді және азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді және  құжатқа қол қою мен тіркеу уақыты  3 күннен 1 күнге дейін қысқарады", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу