"Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алады

800

Сбербанк қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады.  

"Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алады

Сбербанк тобы мен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Сбербанк Қазақстандағы ("Сбербанк" АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды, деп жазады inbusiness.kz холдинг баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сбербанк қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдады. 

Бәйтерек холдингі

Сбербанк Қазақстан өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көптеген жылдар бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі.

Сбербанк Қазақстанды сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, "Бәйтерек" холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде Банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді

Банк өзінің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.

Мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. 

Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған Сбербанк Қазақстан қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратын болады. 

Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу