"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде

601

Қазір "Сбербанк Ресейдің" еншілес ұйымы болып табылатын "Сбербанк Қазақстанды" сату мәселесі талқылануда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде

"Қазір "Сбербанк Қазақстанды” сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл "Сбербанк Ресейдің" еншілес ұйымы. Аталған банк санкциялар тізіміне енгізілген", – деді Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова.  

Бұл ретте ол санкцияларға сәйкес банк шетел валютасында операциялар жүргізе алмайтынын түсіндірді.  

"Оның шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары жабылды, жаңадан қаржы тарту мүмкіндігі де шектелді. Осыған байланысты "Сбербанк Ресейдің" Қазақстандағы еншілес банкін сату жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі уақытта банкті сатуға қатысты "Бәйтерек" холдингімен тиісті келіссөздер жүргізілуде. Мәміле бойынша толық ақпаратты тараптар рәсімдердің аяқталу күніне жақынырақ хабарлайды. Біз агенттік ретінде мәміле жасау кезінде ең алдымен банк заңнамасының сақталуын қадағалаймыз", – деп қосты Мәдина Әбілқасымова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу