"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы таза кірістің 29,8%-ын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл үшін "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 қаулысына толықтыру енгізілді.
Құжат мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылды: "3-2. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 29,8%-ын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды".