"Бәйтерек" холдингіне агроөнеркәсіпті дамыту міндеті жүктелмек

750

"Бәйтерек" холдингінің құрылымын оңтайландыру және дамыту стратегиясына түзету енгізілді.  

"Бәйтерек" холдингіне агроөнеркәсіпті дамыту міндеті жүктелмек

Тиісті өзгерістерді бүгін компанияның Директорлар кеңесі мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды. "Бәйтерек" холдингінің 2024 жылға дейінгі түзетілген Даму стратегиясының жобасы бекітілді.

"Оған қызметтің жаңа бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді. Стратегияда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін "Отбасы банк" АҚ етіп қайта құру бөлігінде Холдингтің тұрғын үй блогы қайта қаралды. Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау және экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді. Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлану процесі күшейтілді", делінген хабарламада.

Отырыста сондай-ақ 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуекелдерді басқару және Холдингтің ішкі бақылау мәселелері талқыланған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу