"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары монополияға қарсы заңнаманы бұзған

415

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау агенттігі мәлім етті.

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары монополияға қарсы заңнаманы бұзған Фото: google.com

Бұған дейін мемлекеттік қолдау шаралары операторларының қызметіне мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ), "KazakhExport" АҚ қызметінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нақты айтсақ, ҚДБ-ның ішкі құжаттарында бұрын қаржыға қол жеткізген, яғни қарыз алушылар үшін негізсіз артықшылықтар беретін ережелер жасалғаны анықталды. Бұрын қарыз алушылар үшін қосымша қаржыландыру кезінде банктің сараптама рәсімдерінен өту талабы міндеттелмеген.

"Сондай-ақ индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржыландырудың бекітілген, теңдестірілген схемаларының болуына қарамастан (50 пайыз — бюджеттік қарыз, 50 пайыз — өзге де көздер) жекелеген жобалар толығымен бюджет қаражаты есебінен, ал басқалары тең емес пропорцияда, не 100 пайызға —өзге көздерден тартылған "қымбат" ақшамен қаржыландырылған. Бұл әрекеттер қарыз алушылардың соңғы пайыздық мөлшерлемесіне әсер етіп, олардың қолдау шараларына қол жеткізудің теңсіз шарттарына әкеп соққан", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚДБ қызметінде фаворитизм көріністері анықталды, нақты айтсақ, қолдау шараларын алу кезінде кейбір өтінімдерге ерекше мән беріліп, жедел түрде қаралған. Мысалы, бекітілген 70 күнтізбелік күннің орнына жекелеген жобалар келіп түскен сәттен бастап 3-4 тәулік ішінде келісіліп отырған, ал басқа жобалар бойынша қарау мерзімі бұзылып, тіпті 300 күннен асып кетіп отырған.

"KazakhExport" АҚ операторының қызметінде мемлекеттік қолдау шараларын алушыларға қарсы міндеттемелерді белгілеу кезінде тең емес жағдайлар жасау белгілері анықталды.

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары БҚДА қарап, монополияға қарсы органның дәлелдерімен келісіп, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес етіп, ағымдағы жобаларды қайта реттеді. Сонымен қатар, операторлардың ішкі құжаттамасы қайта қаралып, нәтижесінде жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз бәсекелестік артықшылықтар жасауға ықпал ететін нормалар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу