"Бәйтерек" холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты

542

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында холдингтің 2019 жылғы инвестициялық саясаты мәселесі қаралды.  

"Бәйтерек" холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты

2019 жылы "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 839 млрд теңгеге қолдау көрсетті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 123,8 млрд теңгеге немесе 17%-ға ұлғайды. Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында 2019 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 5 500 компания мен ұйымға 712 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді. Холдингтің отандық экспорттаушыларды қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты (2018 жылы – 750 млрд теңгеден асқан). Сонымен қатар отырыста "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2020 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері жөніндегі есебі бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу