"Бәйтерек" пен "ҚазАгро" біріктіріліп, штат саны 50 пайыз қысқарады

907

Президент квазимемлекеттік секторды реттеуді жалғастыруды тапсырды.

"Бәйтерек" пен "ҚазАгро" біріктіріліп, штат саны 50 пайыз қысқарады

"Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерінің портфельді компаниялары екі есе қысқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осындай тапсырма берді. 

"Үкімет жекешелендірудің жаңа жоспарын қабылдауға тиіс. Мемлекет меншігінде тек әлеуметтік нысандар, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін нысандар ғана  қалу керек. Квазимемлекеттік секторда әкімшілік басқару ісімен айналысатын қызметкердердің санын, пайдасыз шығындарды және басы артық еншілес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табуға тиіс. "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерінің рөліне арнайы тоқталғым келеді. Бұл компаниялар индустрияландыру және кешенді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісіне елеулі үлес қосып, бұрын бір-бірімен байланыссыз болған қаржы институттарының қызметін ретке келтірді. Ал қазір біз мүлде жаңа жағдайда тұрмыз. Институционалдық құрылымды өзгерту – уақыт талабы. Сондықтан осы екі ұйымды біріктіріп, қаржылық мүмкіндіктері анағұрлым зор даму институтын құрған жөн. Бұл ретте портфельді компанияларды саны екі есеге азайып, штат саны  50 пайызға қысқаруға тиіс. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу