"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне жаңа басшы келді

869

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған басқарманың жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.  

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне жаңа басшы келді

Үкімет басшысы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа Холдинг басшысы ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Премьер-Министр Холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – "Сити" құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.

"Бәйтеректің" алдына маңызды міндеттер қойылды. Бірінші кезекте, бұл – экономиканың шикізаттық емес секторларын, кәсіпкерлікті дамыту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК-тегі өндірісті кеңейту. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудың аталған бағыттарына баса көңіл бөледі және Холдинг жұмысынан тиімді нәтиже күтеді", – деді Ә. Смайылов.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.

 2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.

2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу