"Бәйтерек" жобасы бойынша келісімге қол қойылды

691

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамытуды талқылады.  

"Бәйтерек" жобасы бойынша келісімге қол қойылды

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Д.Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамытуды талқылады. "Бәйтерек" ("Назарбаев старты"), "Гагарин старты" жобасы бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы келісімге, сондай-ақ "Бәйтерек" БК" АҚ мен "ЖҒИОПО" АҚ арасында "Бәйтерек" ҒЗК құруға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Рәсім шеңберінде "Бәйтерек" ҒЗК құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойылды, оған өз кезегінде "ЖҒИОПО" АҚ Бас директоры Андрей Охлопков және ""Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" АҚ Бас директоры Қуат Мұстафинов қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу