Алдын ала мәліметке сәйкес, оның бұл іс-әрекеті "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көп ұзамай 19 жастағы тұрғынды полиция ұстады. Ұятсыз сипаттағы фото Астана қаласындағы атақты "Бәйтерек" монументінің фонында түсірілген.
Қазіргі уақытта іс сотқа жолданып, жақында әкімшілік жауапкершілік мәселесі қаралмақ.
Жаза кеткен жөн, мұндай құқықбұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында айыппұл немесе әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Бұл жағдайда құқықбұзушыға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Әлеуметтік желіде тараған фото қоғам арасында қызу талқыға түскен. Көпшілік елорданың басты символдарының біріне қатысты әрекетті қатаң сынға алды.