Байтолла Ғазизов Атыраудағы үш науқастың да жағдайын мәлім етті

838

Екінші науқас 17 наурыз күні келген.

Байтолла Ғазизов Атыраудағы үш науқастың да жағдайын мәлім етті

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Байтолла Ғазизов өңірдегі қазіргі коронавирустік инфекция жағдайы туралы хабардар етті.

"Өкінішке орай, бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды. Бірінші науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға келген. 26 наурызда жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері болуына байланысты жедел түрде анализдер алынды. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші науқас 17 наурыз күні Стамбұлдан Алматыға, одан кейін Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда Стамбұлдан Алматыға келгендер арасында инфекция жұқтырған бір адам болғанын білесіздер. Соған байланысты қарым-қатынаста болғандықтан, кеше ол адамның анализін алдық. Нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды. Үшінші науқас Атырауға Амстердамнан кеше келген. Ол науқас бірден карантинге жатқызылып, оның да инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті протоколға сай емдеуге жатқызылып, ем-дом шаралары жасалып жатыр. Олардың жағдайлары тұрақты бақылауда", – деп Байтолла Ғазизов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу