Байзақ ауданындағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты

1105

Өрт сөндіріліп жатқан аумақтан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Байзақ ауданындағы жарылыстан тағы бір адам қаза тапты

"Жамбыл облысында өрт шыққан әскери бөлімде тағы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Ол – Өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт бойынша қызмет старшинасы, 1992 жылы туған Надырбеков Еркін Ерікбайұлы. Ол инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өрт сөндіру жұмысына тікелей басшылық еткен. Жарылыс кезінде оқиға орнында қаза тапқан", - делінген бүгін тараған ақпаратта.

Қаза тапқан әскери қызметкер таңертеңнен бері іздеуде болған. 

Еске сала кетсек Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 4 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу