Жарылғыш заттың табылғанын Байзақ ауданының полиция бөліміне 22 ақпан күні сағат 14.30-да 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған. Жер шамасы – Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағы.
Мамандар табылған снарядтың "ОФАБ-100" үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екенін анықтады.
Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы оқу полигонына алып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу